Қырғызстанда бүгін, 4 қараша күні, сағат 7:04-те сейсмологтар эпицентрдегі күші шамамен 3 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қырғыз Республикасының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алай жотасы аймағында, Қашқа-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымда, Қара-Өтөк ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырымда және Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 87 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмеген.