Павлодарлық жас химиктер халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Бүгін, 10:42 / Інжу Әлихан
Павлодар облысы Білім басқармасы

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары химия пәні бойынша өткен халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін асырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлытау облысында алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған Қаныш Сәтбаев атындағы олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің 9–11 сынып оқушылары қатысып, теориялық және эксперименттік турларда сайысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Бектұрсын Дәрия қола медаль мен III дәрежелі дипломның иегері атанды. Ахметова Латифа жоғары нәтиже көрсетіп, «Құрмет» грамотасымен марапатталды.