Ақтөбеде 17 жастағы бозбала көлік қағып, қаза тапты

Бүгін, 09:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбеде 3 қараша күні Ағайынды Жұбановтар көшесінде BMW көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға және жылдамдық режимін бұлжытпай орындауға шақырады.

Тэгтер:

Ақтөбе Жол апаты Қаза тапты Жігіт бозбала көлік қақты