Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз алаңында нижнекамскілік «Нефтехимикпен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде қонақтар үш шайба соқса, оған алаң иелері Кирилл Панюков пен Дінмұхамед Қайыржан шайбаларымен жауап берді. Алайда соңғы жиырма минутта ресейлік команда басым түсіп, матч 5:2 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық клуб қатарынан төртінші ойында жеңіліске ұшырады.
5 қараша күні «Барыс» өз алаңында уфалық «Салават Юлаевты» қабылдайды.