"Бала бағу біз үшін міндет емес": "Күлпәш" образымен танымал актер елдің талқысына түсті

3 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желіде әйелдерге қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде оның жазғандары қызу талқыланып жатыр.

«Қатын жолда, бала белде», жасымандар, жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір-ақ беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу – бізге міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін, бала бағу біз үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы», – деп жазды ол.

Өнер адамының неліктен бұлай жазғаны әзірге белгісіз. Алайда көпшілік мұны кезекті фильмге жарнама деп отыр. Ал оның жазбасы "Еркектерге қарсы" фильмінің мәтінінен алынған болуы мүмкін. Соған қарамастан оның сөзі біраз адамның ашуын тудыртқан.

"Өмір бойы қатынның рөлін ойнап келіп, сен ақыл айтпай-ақ қойшы", "Баланы да, қатынды да бағуға міндеттісің", "Тұрсынбек дегендерден қорқатын болдық қой", "Не бәле, сахнада есі дұрыс біреу бар ма өзі? Кімдерді тыңдап мәз болып жүргенбіз?" деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Берік Тұрсынбеков Күлпәш