Актер Жахан Отарғалиев сұхбатынан кейін ел ішінде үлкен резонанс тудырған продюсер Мөлдір Мұқанға қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған ол - Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шәйін ішіп екеуімен де жақсы араласқанмын, екеуін бірдей сыйламын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", - деп жазды әзілкеш.
Сондай-ақ ол Мөлдірдің өзіне қандай көмек көрсеткенін ерекше атап өткен.
"Былтыр менің әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалған кезде мені ең бірінші болып Мөлдір жеңгем қолдаған еді. Айтқызбай-ақ қолдаған болатын. Біз бір-бірімізді 2008 жылдан бері танимыз. Қашан барсам да алдымнан жүгіріп шығып, күн демей, түн демей бір шәйнек шайымен қарсы алатын. Сол жеңгемнің алғашқы киносы шығып жатыр. Соны тамашалауға шақырамын", - деді Жахан Отарғалиев.