Таразда мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болған

3 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

Таразда мас күйдегі BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген BMW автокөлігін байқап қалған.

Алайда жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған. Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, алайда полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алдын алынды. Жүргізушіге көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Тэгтер:

Тараз полицейлер