Қазақстанда жылдық инфляция төмендеді

3 қараша, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

2025 жылдың қазанында Қазақстандағы жылдық инфляция 12,6%-ды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыркүйекте жылдық инфляция 12,9%-ды құраған. Яғни Қазақстандағы жылдық инфляция төмендеген.

Азық-түлік бағасы бір жылда 13,5%-ға (2025 жылдың қыркүйегінде – 12,7%), ақылы қызметтер 12,9%-ға (2025 жылдың қыркүйегінде 15,3%), азық-түліктік емес тауарлар 11%-ға (2025 жылдың қыркүйегінде 10,8%) өскен.

Бір айда азық-түліктік емес тауарлар бағасы 1,2%-ға, азық-түліктік емес тауарлар бағасы 1%-ға өскен. Ақылы қызметтер 0,8%-ға төмендеген.

 

Тэгтер:

экономика инфляция