Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде WKF каратэден дәстүрлі Moscow Karate Universe халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биыл 44 мемлекеттен үздік спортшылар жиналған турнирде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлеріміз:
- Софья Берульцева (+68 кг)
- Әсел Қанай (-61 кг)
- Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
- Қайсар Алпысбай (-60 кг)
- Диас Анарбеков (+84 кг)
Осымен 4-рет өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры көбейе түскен. Мәселен, чемпион 5 мың, күміс жүлдегер 2 мың, қола жүлдегерлер 1000 АҚШ долларына ие болды.
Осы жарыс арқылы Ұлттық құрама 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті.
Сонымен қатар турнир барысында Қазақстан мен Ресей Федерациясының каратэ федерациясы бірлескен келісім жасасты. Құжатқа Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат пен Ресей каратэ федерациясынның президенті, Дүниежүзілік каратэ федерациясы (WKF) атқару комитетіннің мүшесі Сергей Цой қол қойды. Бұл келісім-шарттың мақсаты - 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына жоғары деңгейде дайындық жүргізу. Атап айтқанда, екі ел командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жетілдіру, бірлескен жарыстарға қатысуға бағытталған.