Ресей Бесланда қаза тапқандардың туыстарына 3 млн еуро төлеуі тиіс

Ресей Бесланда қаза тапқандардың туыстарына 3 млн еуро төлеуі тиіс

Ресей Бесланда қаза тапқандардың туыстарына 3 млн еуро төлеуі тиіс
ашық дереккөзі
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейге 2004 жылы Бесланда терактіде қаза тапқандардың туыстарына үш миллион еуро төлеуді міндеттеді. Тағы да 88 мың еуро сот шығындары үшін төленуі тиіс. Осындай қаулы соттың ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Сот "Беслан аналары" бастамашыл тобының бірнеше шағымдарды бірден қараған. Шағым берушілердің жалпы саны – 400 адам. Еуропалық сотқа берген арызда ресейлік билік терактінің алдын алмай, азаматтарды қорғау міндетін бұзды делінген. Соттың бірінші отырысы 2014 жылы өткен. Еуропалық сот ресейлік билік азаматтардың өміріне төнген қауіптің алдын ала алмады деген шешім шығарған. 2004 жылдың 1 қыркүйегінде (Солтүстік Осетия) Беслан қаласында білім күніндегі салтанатты шара кезінде содырлар 1128 адамды кепілге алды. Оларды спортзалда үш күн бойында ұстап отырған. Нәтижесінде мектептегі шабуыл кезінде 334 адам қаза тапқан, олардың 186-сы мектеп оқушылары.