Ауғанстанда түнде болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісін Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғындар да сезінді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шымкент қаласында және Түркістан облысының үш ауданында жер дүмпулері екі балдық күшпен тіркелді.
Сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні сағат 01:29-да (Астана уақытымен) жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан умағында орналасқан. Жерасты дүмпулерінің тереңдігі – 120 шақырым, магнитудасы MPV – 6,2.
Жер сілкінісі Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан облысының Жетісай, Шардара аудандарында және Мырзакент кентінде сезілген.
«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.