Қарағанды облысында сирек кездесетін арқар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірегей кадрларды «Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің «Белодымовский» филиалы Instagram парақшасында жариялады.
«Бұйратау» МҰТП» РММ «Белодымовский» филиалының фототұзақ объективіне арқар түсіп қалды. Ол қазақ даласының сирек тұрғыны, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түр. Кадрда ол табиғат аясында өзін осы жерлердің толыққанды иесі сезінгендей көрініс береді», - делінген видао жазбасында.