Кардиологтар жүрек жұмысын жақсартатын тағамдарды атады

Бүгін, 08:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Кардиологтар әрдайым тамақтанудың жүрек жұмысына әсері туралы айтып, ішер асты мұқият таңдауға кеңес береді, деп хабарлайды turkystan.kz sputkik.kz-ке сілтеме жасап.

Today-дің мәліметінше дәрігер-кардиологтар науқастарға күнделікті ас мәзіріне сұлы жармасын, салаттарды, майсыз ақуыз көздерін, йогуртты, дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді, жемістер мен көкөністерді көбірек қосуға кеңес береді.

Алайда кардиологтар өздерінің негізгі тағамына ерекше жақсы көріп қосатын бір ингредиент бар — ол басты май көзі ретінде қолданылатын зәйтүн майы.

"Кешкі аста пайдалы майларды көбірек пайдалану маңызды", — дейді Бостондағы Тафтс университетінің кардиологы Дариуш Мозаффарян.

Зәйтүн майы – жүрек саулығына зор пайдасы бар жерорта теңізі диетасының негізгі өнімі.

Диетологтардың айтуынша, зәйтүн майы "жаман" холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетін қанықпаған майларға, сондай-ақ жасушаларды зақымданудан қорғайтын антиоксиданттарға бай.

Зәйтүн майы – ең дәмді және қоректік заттарға бай пайдалы май түрі, себебі ол көп өңделмейді.

Мамандар күніне шамамен 2 ас қасық май тұтынуға кеңес береді.