Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары талапқа сай жаңартылмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда өңірдегі шаруашылықта 9 мыңға жуық ауылшаруашылық техникалары бар. Жалпы трактордың 95% - 5 440 трактор, соқаның 97%, қопсытқыш пен дән сепкіштің 97, астықты дәрілейтін машинаны 96 проценті егіндік жұмыстарына дайын. 2016 жылы облыс шаруашылығындағы жаңартылған техниканың орташа көрсеткіші 3,5% құраса, жеке аудандарда - 2% жеткен еді. Мамандардың бағалауынша, бұл өте төмен көрсеткіш. Үнемді және тиімді техникалар саны 40% кем болмауы тиіс. «Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев егін шаруашылығына толықтай кірісу үшін жыл сайын әр ауданда қанша техниканы жаңарту керектігін анықтауды тапсырды. Ескі комбайндармен жұмыс жасағанда өнімнің 30% шығын болып, жаңа комбайндарда ол керісінше 10% қысқарады. Заманауи техникалар өнім өңдеуді жақсартуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Мемлекет кез келген жаңа техниканың 25%-ын субсидиялайды», - деп атап өтті Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.