БҚО жүргізушілеріне тұманға байланысты ескерту жасалды

2 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"ҚазАвтоЖол" ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Компанияның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Оралда бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күн райының бұзылуына орай компания жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға үндеді.