Қарағандыда көлік бағдаршамға соғылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 2 қараша сағат 00.20-да Крылов-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.
"Range rover" автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі бағдаршам бағанымен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлайды ведомство.
Жүргізуші салонда жалғыз болған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, дейді полиция.