Алматы – Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті.
Жол апатынан бірнеше адам зардап шеккен, бірақ қанша адам екені нақты белгісіз.
"Алматы-Бішкек тасжолының 41-ші шақырымында Lexus RX300 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автомобильдері бір-бірімен соқтығысқан", - дейді ведомство.
Екі көліктегі жүргізушілер мен жолаушылар әртүрлі дене жарақатымен, Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді. Land Cruiser көлігінің екі жолаушысы жансақтақтау бөлімінде жатыр.