ШҚО-да емхана аумағынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды

ШҚО-да емхана аумағынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды

ШҚО-да емхана аумағынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды
ашық дереккөзі
Өскеменде емдеу мекемесінің аумағынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қауіпті затты 12 сәуір күні рейд жүргізіп жүрген экологиялық күзет өкілдері тапты. Дәке таңғыштар, дәрілік заттардың бөтелкелері мен қаптамалары тұрмыстық қоқыспен араласып жатқан, деп хабарлайды YK-news.kz. Еске сала кетейік, Экологиялық қауіпсіздік орталығы (ЭҚО) сәуір айының басынан бастап күн сайын қаланы шолып, кіші кәсіпорындарды, қазандықтарды, қоғамдық тамақтану орындарын, автокөліктердің ластануы мен өзендердің жағдайын тексеріп отыратын жобаны бастады. Экологиялық патруль облыстық тубдиспансердің аумағынан медициналық қалдықтарға немқұрайлы қарау әрекеттерінің ізін тапты. Экологиялық қауіпсіздік орталығында түсіндіргендей, табылған қоқыстар «А» және «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтарға жатады. Қоқыстық кім тастағаны және кімге тиесілі екендігін сәйкес мемлекеттік құрылымдар анықтайды, деп жазады сайт тілшілері.