ҚХЛ: «Барыс» қатарынан матчта жеңіліп қалды

31 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті матчында челябинсктік «Трактормен» ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші кезеңде астаналықтар қақпасына үш жауапсыз шайба енді. Екінші кезеңнің басында тағы біре шайба "Барыстың" қақпасында тулап жатты. Кейін астаналықтар есеп айырмасын қысқартты. Соңғы 20 минутта ойын қыза түскендей болған, бірақ астаналықтар үш шайбадан артық соға алмады  Есеп - 3:6. Бұл қазақстандықтардың қатарынан үшінші рет жеңілуі.

Қарашаның үші күні «Барыс» үйінде «Нефтехимикті» қабылдайды.

Тэгтер:

Барыс трактор