Көшелер жабылады: Полиция Қайрат Нұртастың концертіне қатысты ескерту жасады

31 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

- Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар, – дейді полиция қызметкерлері.

Полицияда атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.