«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 31 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.