Түркістан облысында жарылыс болды

Бүгін, 05:26 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — газ жүйесіне өздігінен қосылу әрекетінен болған.

Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, бірнеше пәтерге зиян келгені тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Газға өз бетімен қосылуға қатаң тыйым салынады, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Газ жабдығын қосу мен қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандар ғана жүргізуі тиіс, — деп ескертті «QazaqGaz Aimaq» АҚ.