«Қартаюды ұмытып кеткен бе?»: Қазақстандық танымал журналист келін түсірді

Бүгін, 20:55 / Өтей Торғайұлы
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Гүлнәз Әлімгерей мен жолдасы Нұрділдә Ораздың ұлы үйленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ал, ағайын, ресми түрде құда-құдағи атандық! Тілегін жаудырып жатқан жұртқа мың алғыс», - деді Гүлнәз Әлімгерей.

Желі қолданушылары журналистің отбасына жылы лебіздерін білдірді.

«Құтты болсын! Жастар өздерің сияқты үлгілі, бақытты отбасы болсын! Тойларың тойға ұлассын!», «Мына құда-құдағи қартаюды ұмытып кеткен бе?», «Жарайсыз, жастар бақытты болсын», - деді желі қолданушылары.

Тэгтер:

журналист үйлену той Гүлнәз Әлімгерей