Астанада 12-қабаттан су құйылған пакеттерді лақтырған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды

30 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Астанада жасөспірімдер түнде 12-қабаттан су құйылған пакеттерді терезеден лақтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаны қарсы үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, пакеттер төменнен өтіп бара жатқан ер адам мен оның үш баласының үстіне түсіп кете жаздаған.

15 жастағы жасөспірімдер полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналарына «ұсақ бұзақылық» бойынша жауапкершілік жүктеліп, балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция өкілдері заттарды биіктіктен лақтыру — жаяу жүргіншілерге жарақат әкелуі мүмкін қауіпті әрекет екенін еске салды.

Тэгтер:

Астана Терезе пакет