Аустралия жағалауында бөтелкеден І дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің хаттары табылды

30 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: New York Post

Батыс Аустралияның Уортон-Бич жағалауынан 1916 жылы жазылған екі аустралиялық солдаттың хаты салынған бөтелке табылды. Қолға түскен хабарламада қатардағы Малкольм Невилл (27 жаста) мен Уильям Харли (37 жаста) осы жылы 15 тамызда жазған хабарламалары бар, деп хабарлайды turkystan.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Бөтелкені 9 қазан күні жағажайды тазарту акциясы барысында австралиялық Деб Браун тапқан. Ол ішіндегі хаттарды оқып, алғашқы авторлардың отбасыларын тауып берген.

Хаттарда Невилл теңіз жолында жүрген жай-жағдайларын баяндаған: «тамақ дәмді, бір тағамды теңізге тастадық», «біз Ларридай бақыттымыз» деген жазбалар бар.

Малкольм Невилл кейінірек шайқаста қаза болған. Ал Уильям Харли соғыстан оралып, газ шабуылынан зардап шегіп 1934 жылы қайтыс болған.

Бөтелке ұзақ уақыт жатқандықтан, оның ішіндегі қағаз жақсы сақталған және хат мәтіні оқуға жарамды күйде болған. Бұл табылған тарихи жәдігер деп бағаланып отыр.

Тэгтер:

Хат жауынгер бөтелке