Талғар ауданында қылмыс деңгейі төмендеді – ІІМ

30 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Талғар ауданында өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны 19%-ға, қылмыс саны 3%-ға азайған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратынша, қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін полиция тарапынан қажетті шаралар қабылдануда.

«Аудан көшелеріне бағдар мен бақылауды күшейту мақсатында 10 қазаннан бастап Жедел басқару орталығы іске қосылды. Онда мыңнан астам камера шығарылған. Басты назарда заң мен тәртіптің сақталуы. Аймақта профилактика белсенді түрде жүргізіледі. Азаматтық қоғам өкілдерімен, жастармен, тұрғындармен кездесулер өткізіледі. Үй чаттары арқылы байланыс жолға қойылған. Жалпы аудан бойынша 155 көпқабатты үй қамтылған 60-тан астам чат бар.

Аймақтағы жол ахуалы да тәртіп сақшыларының жіті назарында. Мұнда патрульдік нарядтардың тығыздығы артқан. Олар көңіл көтеру, ойын-сауық мекемелеріне жақын орналастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, шақыртуларға шұғыл ден қоюға ерекше көңіл бөлінеді.

2025 жылдың тоғыз айында ауданда мас күйде көлік тізгіндеген 131 адам ұсталды. Полиция бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек. Тек азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, құқықтық тұрғыда сауатты болуға, әрбір құқыққа қайшы әрекеттің салдары жауапкершілікке әкеп соғатынын естен шығармауға шақырады», - делінген ақпаратта.

Тэгтер:

Талғар ауданы