Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.

Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.

Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.