Доллар бағамы көтерілді

30 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 530,07 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,11 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 қазанға арналған ресми доллар бағамы – 530,15 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта:

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 531,48 теңге, сату бағасы – 533,58 теңге;

Астанада долларды орта есеппен 529,56 теңгеге сатып алып, 535,56 теңгеге сатады;

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы – 531,69 теңге, сату бағасы – 533,77 теңге.

Еске сала кетсек, KASE саудасының алдыңғы күндері доллар бағамы келесідей өзгерді:

20 қазанда – 1,64 теңгеге өсті,

21 қазанда – 0,47 теңгеге өсті,

22 қазанда – 0,08 теңгеге төмендеді,

23 қазанда – 0,46 теңгеге төмендеді,

24 қазанда – 0,01 теңгеге өсті,

28 қазанда – 2,3 теңгеге төмендеді,

29 қазанда – 5,21 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам