Луврды тонаған тағы бес күдікті Францияда ұсталды

30 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Күдіктілер 29 қазанда бір уақытта Францияның түрлі аудандарында ұсталды. Ал ұрланған бұйымдар әлі табылған жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурор Лор Бекконың айтуынша, екеуі ұрлыққа қатысы бар екендерін мойындаған.

Айта кетейік, 19 қазанда ұрылар Луврдан Наполеон дәуіріне тиесілі 8 зергерлік бұйымды алып кеткен болатын. Оның ішінда Евгения патшайымның тәжі бар. Ұрлық бар-жоғы 6-7 минут ішінде жасалған. Содан кейін ұрылар мотоциклмен қашып кеткен.

Тэгтер:

күдікті Франция ұрлық Париж Лувр