Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында 41 жастағы ер адам көшеде жалаңаш жүріп, өзін жарақаттаған, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Желіде таралған кадрларда ауыл тұрғыны мас күйінде өзі-өзіне пышақ жарақатын салғаны және жартылай жалаңаш күйде көшеге шығып кеткені көрінеді. Біршама уақыттан кейін оны полиция қызметкерлері қолға түсірді.
Ол қарсылық көрсетпегенімен, үнемі өзіне «шайтан» кіргенін және оны өлтірмек ниетінде екенін айқайлап айтып жүр.
«Мен оны табамын. Мен оны өлтірмекпін. Ол мені... далаға шығарды», — деп айғайлады ер адам.
Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынын дәрігерлерге тапсырды. Тексеру барысында оның жарақаттары алкогольдік маскүнемдік жағдайында өз-өзін жарақаттағаннан туындағаны анықталды.
«Полиция қызметкерлері оның жедел ауруханаға жатқызылуына жәрдемдесті. Тексеру нәтижелері бойынша материал тіркеліп, номенклатуралық іске тіркелді», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.