Астана тұрғыны дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап, ломбардқа өткізіп отырған

Бүгін, 11:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылғы 18-30 қаңтар аралығында күдікті алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды жасырын түрде ұрлап, кейін оларды ломбардқа өткізген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы 447 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріліп, бірінші сатыдағы сот күдіктіге 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарау барысында сот алқасы үкімді өзгертіп, ҚК 60-бабының 4-бөлігін (үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау) қолдануды алып тастап, 2025 жылғы 23 маусымдағы «ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заң нормаларын қолданды.

Рақымшылыққа сәйкес, тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі 1/5 бөлігіндей қысқартылды.

Осылайша, күдіктіге түпкілікті 2 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Тэгтер:

алтын Дүкен бұйым әшекей