Астанада Audi мен Volkswagen көліктері соқтығысты (ВИДЕО)

Бүгін, 09:58 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Елордада Қорғалжын тасжолында екі жеңіл автокөлік – Audi және Volkswagen қатысқан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат манёвр жасау ережесін бұзу салдарынан болған.

«Audi автокөлігінің жүргізушісі Қорғалжын тасжолымен келе жатып, қатар ауыстырған кезде манёврдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, сол бағытта қозғалып келе жатқан Volkswagen көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Volkswagen көлігі жарық шамының тірегіне соғылып, қарсы бағыттағы жол жолағына шығып кеткен», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Audi көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Тэгтер:

Жол апаты