Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:25 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«2025 жылғы 30 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Темиртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Көкшетау қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.