Сауд Арабиясында әлемдегі ең ерекше стадион салынады

29 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі

Сауд Арабиясында әлемдегі ең алғашқы «аспандағы стадион» салуға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Стадион жерден 350 метр биіктікте орналасады және 2034 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарын қабылдай алады.

Аспалы арена 46 мың көрерменге арналған және оны 2032 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2034 жылғы чемпионатты 2035 жылдың қаңтарына шегеруі мүмкін деген ақпарат тараған. Себебі 2034 жылдың қараша-желтоқсан айларында қасиетті Рамазан айы өтеді.

Сондай-ақ, чемпионатты жазда өткізу мүмкін емес, өйткені бұл кезде Сауд Арабиясында ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа дейін жетеді.

Тэгтер:

стадион Сауд Арабия