ЛГБТ насихатына тыйым салынуға тиіс – Жаңбыршин

Бүгін, 15:37 / Інжу Әлихан
Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ-ның жарнамасына заңмен тыйым салынуы керек екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Отбасы туралы заңда «Отбасы еркек пен әйелден тұрады» деп жазылған. Ол заңмен бекітілген. Егер біржыныстылық болатын болса және ол насихатталса онда оны заңнан тыс деп есептейміз.

Біздің дәстүрімізде, заңымызда ерлі-зайыптылық қатынас тек еркек пен әйелдің арасында ғана деп көрсетілген.

Әйел мен әйел, еркек пен еркектің қарым-қатынасын насихаттау дұрыс емес нарсе деп санаймын. Заңға қайшы.

Егер адам өзін ЛГБТ өкілі екенін айтып, алаңға шығып, Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып біржыныстылыққа ашық үгіттесе ол – насихат.

Ал үйінде, отбасында не істесе де өзі біледі. Бірақ қоғамға шығып айтудың қажеті жоқ», – деді депутат журналистерге берген пікірінде.