Сәтбаев қаласында 10 адам өртенген пәтерде қалып қоя жаздаған

Бүгін, 12:56 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, барлау және эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Кіреберіс бөлігінде қатты түтіндену байқалған.

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмей, тілсіз жау қысқа уақытта сөндірілді, - делінген хабарламада.