Қазақстан шекарасында жер сілкінді

Бүгін, 12:56 / Алуа Арман
istockphoto.com

29 қазан күні сағат 10:17-де (Астана уақытымен) Қытай мен Қазақстан шекарасына жақын аймақта жер сілкінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 42,28 градус, шығыс бойлық 80,38 градус.

Жер сілкінісінің магнитудасы mpv = 4,5, энергетикалық класы K = 10,3.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін алматылық тұрғындар жер сілкінісі туралы хабарлама алған, алайда сілкініс толқындарын сезінбеген.

Тэгтер:

жер сілкінді