Астанада «торт дауына» қатысты сот үкімі шықты

Бүгін, 12:32 / Алуа Арман
Ғаламтор

Астанада кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батыр арасындағы сот дауы аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Судья Гүлзада Рашқалиева шешімді жариялап, Ақбергенованың талап арызы ішінара қанағаттандырылғанын мәлімдеді.

«Ақбергенованың Батырбековаға (Аселина Батыр) қарсы ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы талабын ішінара қанағаттандырылсын. Instagram және Threads желілеріндегі stories арқылы таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес емес деп танылсын», — деді судья.

Сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Аселина Батыр осы әлеуметтік желілерде — Instagram мен Threads-та — ресми терістеу жариялауға міндеттелді.

Бұған қоса, жауапкерден 200 мың теңге моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ шамамен 4 932 теңге сот шығындары мен мемлекеттік баж өндіріледі.

Талаптың қалған бөлігі бойынша сот қанағаттандырудан бас тартты.

Тэгтер:

блогер аспаз кондитер торт Аселина Батыр