Алматы облысының тұрғыны тереңдігі 4 метр шұңқырға түсіп кеткен (ВИДЕО)

29 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

28 қазан күні Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылында ер адам тереңдігі шамамен 4 метр болатын шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Шабуыл сатысының көмегімен олар төмен түсіп, 1978 жылы туған азаматты шығарып алды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ еске салады: төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тэгтер:

Алматы облысы шұңқыр