Келесі жылдан бастап ChatGPT арқылы төлем жасауға болады, деп хабарлайды turkystan.kz CNBС-ке сілтеме жасап.
Америкалық PayPal төлем жүргізу жүйесі OpenAI-мен келісімшарт жасасты. PayPal қолданушылары келесі жылдан бастап ChatGPT арқылы тапқан тауарларын сатып ала алады.
«Біздің PayPal жүйесін қолданатын миллиондаған тұтынушымыз бар. Ендігі кезекте олар ChatGPT-де « PayPal арқылы сатып алу» батырмасын басып, қауіпсіз әрі сенімді төлеу процесін жүргізе алады», – дейді PayPal-дың бас директоры Алекс Крисс.
Бір қызығы, сатушыларға OpenAI-ға бөлек тіркелудің қажеті жоқ. PayPal ChatGPT платформасында төлем жүргізу бағыты, транзакцияны тексеру және төлем жүргізудің өзге де аспектілерін өзі іске асыратын болады.