Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия ойындарында екінші медалін жеңіп алды

29 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прозорова серпе көтеруде күміс жүлдегер атанды. Ол бір мүмкіндігін сәтті орындап, 108 келіні еңсерді. Бұған дейін отандасымыз жұлқа көтеруде де күміс медаль жеңіп алған еді.

Қытай өкілі Чжу Цайюнь бұл сайыста жеңімпаз атанды - 111 келі. Ал үшінші орын Иран спортшысы Части Седигхиға бұйырды - 105 келі.

Тэгтер:

Жасөспірім ауыр атлет Ксения Прозорова