«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңге алған мұғалім ұсталды

29 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Тэгтер:

ҰБТ мұғалім Павлодар