Қарағандыдағы Талдау мектебі – ізденіс пен ойлы ұрпақтың жаңа алаңы

Бүгін, 09:27 / Алуа Арман

Қарағандыда Талдау мектебіне қабылдау басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі таңда мемлекет қуаты жер қойнауындағы байлықпен емес, жас буынның ақыл-ой әлеуетімен өлшенеді. Өйткені елдің ертеңін айқындайтын күш – жаңа идея тудыра алатын, жасампаз ұрпақтың қолында.

 Осы міндетті жүзеге асыратын жаңа білім кеңістігі – Талдау мектебі. 5 жыл бойы еліміздің қуатты әрі инновациялық дамуына ықпал етіп, бейстандарт стратегияларды құруға қабілетті мамандардың жаңа буынын қалыптастырып келе жатқан бірегей мектеп өңірлерді де қамтымақ. Игі бастама ең алғаш болып Қарағанды облысында жүзеге аспақ.

 Біздің өңірімізге сенім білдірген Мәулен Сағатханұлына алғыс айтамыз!

 Бұл – аймақ жастарының әлеуетіне берілген жоғары баға деп білемін. Себебі Қарағанды – еліміздің индустриялды жүрегі ғана емес, талай білікті маман, зиялы тұлғаның түлеген қасиетті мекені. Бұл өлкенің жастары еңбегімен, табандылығымен әрдайым ел дамуының алдыңғы сабында келеді», –  дейді ол.

 Талдау мектебі – ізденіс пен ойлы ұрпақтың жаңа алаңы. Community қатарына 35 жасқа дейінгі кез-келген маман қосыла алады.

 Өтінімдер 4 қараша, сағат 19:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттар qaragandy.taldaumektebi@gmail.com электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу керек:

Қосымша ақпарат Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ресми аккаунтында.

Іріктеу нәтижесінде ең үздік 30 үміткер анықталып, 8 қарашадан бастап оқуға кіріседі. Осылайша қатысушылар деректерді талдау, қоғамдық үрдістерді бағамдау, саясат пен әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін саралау дағдыларын меңгереді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев аналитикалық қарым-қабілеті жоғары мамандардың жаңа толқынын даярлаудың маңызды екенін бірнеше рет атап өткенін ескерсек, Қарағандылық Талдау мектебінің түлектеріне артылар жауапкершілік үлкен.

 Біздің жасампаз әрі білімді жастарымыз тек бір өңірдің ғана емес, күллі мемлекет пайдасына жарар маман боларына сенімдімін. Себебі, Талдау мектебінің түпкі мақсаты – қоғам өміріне түбегейлі өзгеріс енгізетін, мықты стратег, батыл реформатор, көреген көшбасшы қалыптастыру. Сонда ғана ұлт дамуы сыртқы және ішкі кедергілерді еңсеріп, саналы таңдау мен жүйелі еңбектің жемісіне негізделеді», – деп жазды ол.

Тэгтер:

Талдау мектебі