29 қазанда күндіз, түнде үш қалада ауа сапасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
— 2025 жылғы 29 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Атырау, Көкшетау, Петропавловск қалаларында болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.