Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 535,83 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,3 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 28 қазанға арналған ресми доллар бағамы – 538,13 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 535,5 теңге, сату бағамы – 537,77 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 534,36 теңгеден сатып алынып, 540,34 теңгеден сатылады.
Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 535,5 теңгеден сатып алып, 537,65 теңгеден сатады.
Еске сала кетейік, 20 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,64 теңгеге өскен еді, 21 қазанда – 0,47 теңгеге өсті, 22 қазанда – 0,08 теңгеге, 23 қазанда – 0,46 теңгеге төмендеді, ал 24 қазанда 0,01 теңгеге көтерілді.