«Қызметкерлердің еңбекақысы»: Түркістанда басқарма басшысы 191 млн теңге ұрлаған

28 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Қоғамдық даму басқармасының басшысы қол астындағы қызметкермен бірлесіп, қызметкерлердің еңбекақысына бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге пара берген.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Пара бюджет қаражаты Басқарма басшысы