Павлодар облысында құны 2,7 млрд теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды

28 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысы Аққулы ауданында 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңгені құрайтын жайылымдық жерлер қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Азаматтардан жайылым мен шабындық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты көптеген өтініштердің келіп түсуіне байланысты кешенді талдау жүргізілді. Нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып берілген, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 70 мың гектардан астам жер телімдері анықталды.

Мысалы, бір ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестік төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымды пайдаланбаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының Жер ресурстары нбасқару департаментімен бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, прокуратура актісі бойынша бұрын жеке пайдалануға берілген құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылды.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тағы да жерлердің үштен бірі тікелей мақсаты бойынша пайдаланыла бастады.

Тэгтер:

Павлодар облысы жер телімі мемлекет меншігіне қайтару