Алматыда 63 жастағы әйелдің ағзасы 6 науқастың өмірін сақтап қалды

28 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы базасында 1962 жылы туған әйелден, қайтыс болғаннан кейін донор ретінде бірнеше ағзаны алу операциясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауға мүмкіндік туды:

Операцияны ұйымдастыру мен үйлестіру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының үйлестіруімен жүзеге асты. Үдеріс Алматы қаласының жетекші трансплантология орталықтарының қатысуымен өтті: «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ және «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК.

Мамандар донордың жасы егде болғанына қарамастан, оның ағзалары жақсы жағдайда екенін және толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл өмірді сақтап қалуда жас шектеу емес екенін дәлелдейді.

Республикалық орталық донордың отбасына олардың адам өмірін құтқаруға мүмкіндік берген батыл шешімі үшін және күрделі трансплантациялық үдерісті жоғары деңгейде жүзеге асырған медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Тэгтер:

Алматы ағза науқас