Велошабандоз Валерия Кузнецова Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

28 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

28 қазанда қыздар арасында командалық сайыс өтті. Қазақстандық Валерия Кузнецова мәреге екінші болып жетті.

Өзбекстандық Гулхаё Сатторова жарыс жеңімпазы атанды. Гонконг өкілі Чин Киу Лоу үздік үштікті түйіндеді.

Анель Ташбай - 9-орын, Ирина Ивановская - 10-орын, Карина Мискова - 19-орынды иеленді.

Айта кетейік, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына үшінші жүлдені салды. Бұған дейін аралас команда мен Анель Ташбай алтын медаль жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

Валерия Кузнецова