Семей абақтысында адам өлді – ҚАЖК пікір білдірді

28 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Абай облысында сотталушының қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚАЖК өкілдері «сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізді» деген ақпаратты теріске шығарды. Алайда бір адамның қайтыс болғанын растады. Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген ер адам инсульттен көз жұмған.

«Ол өзін нашар сезінген соң мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақырылған. Көрсетілген шараларға қарамастан, сотталушы ауруханада қайтыс болды», – деп нақтылады комитет өкілдері.

Тэгтер:

Семей Түрме Сотталушы абақты ҚАЖК